Махмұд Сабырхан бокстан Әлем чемпионы атанды

Фото: boxingkazakhstan Отандасымыз Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында үздік шықты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Ол 55 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте испаниялық Рафаэль Лозано Серраномен кездесіп, айқын басымдық танытты. Бәсеке барысында Махмұд Сабырхан қарсыласына еш мүмкіндік бермеді. Осылайша, екі дүркін Әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

Толық оқу

Санжар Тәшкенбай екі дүркін Әлем чемпионы атанды

Фото: boxingkazakhstan Санжар Тәшкенбай 50 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекеде моңғолиялық Баттулга Алдаркишиді айқын басымдықпен жеңіп, өз мүмкіндігін толықтай дәлелдеді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Жекпе-жек барысында Санжар Тәшкенбай тактикалық тұрғыдан сауатты қимылдап, қарсыласынан басым түсті. Нәтижесінде, Санжар Тәшкенбай өзінің екі дүркін Әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

Толық оқу

Қазақстандық боксшы қыздар әлем чемпионы атанды

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі Қазақстандық боксшы қыздар – Аида Әбікеева мен Наталья Богданова әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Аида Әбікеева 65 келіге дейінгі салмақтың ақтық жекпе-жегінде өзбекстандық Навбахор Хамидованы жеңді. Алғашқы екі раунд өзбек қызының пайдасына аяқталды. Дегенмен Аида үшінші раундта жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетіп, жеңісті суырып…

Толық оқу

Студенттерді айдалаға көшіру керек – Жазира Байырбекова

Фото: Instagram/zhazira.bairbekova Танымал әнші Жазира Байырбекова Алматыдағы көлік кептелісін азайту жолын ұсынып, оқырмандар арасында үлкен талқы тудырды. Өнер иесі Instagram парақшасында жазба жариялап, қаладағы кептелісті шешудің өзіндік нұсқасын ортаға салды. «Қайран кептеліссіз уақыт?! Алматының кептелісін қалай шешеміз, халқым?! Менің нұсқам: барлық оқу орындарын Қонаев, Қаскелен, Талғар, Есік қалаларына көшіруді ұсынар едім. Сіздің ойыңыз қандай?» –…

Толық оқу

Шерзат Болаттың есімі Талғардағы көшелердің біріне берілуі мүмкін

Фото: ҚР Жоғарғы Соты, коллаж: Ertenmedia Шерзат Болаттың өліміне қатысты жәбірленуші тараптың мүддесін қорғаған адвокат Мейірман Шекеев Талғар ауданының әкімдігіне арнайы ұсыныс жолдады. Ол жасөспірімнің есімін қаладағы көшелердің біріне беруді ұсынып отыр. Шекеевтің айтуынша Талғар қаласындағы Менделеев немесе Руставели көшесінің бірі Шерзат Болаттың есімімен аталуы мүмкін. «Шерзат ақын да, жазушы да емес еді. Бірақ оның…

Толық оқу
Яндекс.Метрика