«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының ақмолалық басшысы ұсталды
27 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ұйымының жергілікті бөлімшесі басшыларының бірін ұстады. Оны ұстауға облыстық прокуратура мен Ұлттық ұлан қатысты. Ол Қазақстанның аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымына жататын деректер базасындағы жер учаскелеріне қатысты мәліметтерді өз бетінше заңсыз өзгертті деген күдікке ілінді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық…
