Қыркүйектен бастап мемлекеттік шәкіртақы өседі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері өседі, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға, Магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға, ТжКБ студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға арттырылды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды. Қаулыда белгіленген шәкіртақы мөлшері төмендегідей: докторанттарға (оның ішінде «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша) – 217…
Президент Тоқаев Алматыда жүр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды, деп Qazaq.today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Мемлекет басшысы сапар аясында қаладағы гидротехникалық инфрақұрылыммен танысып, бірқатар әлеуметтік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар Президент Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізеді. Жиынға Үкімет мүшелері қатысады. Qazaq.today
Тараздық судья 2 млн теңге пара алды деп күдіктелуде
Тараз қаласының №2 сотының судьясының 2 000 000 теңге сомасында пара алғаны әшкереленді, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. «Судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деп күдіктелуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді», —…
«АрселорМиттал Теміртауға» қатысты қылмыстық іс ашылды
Қарағанды облысы «Қазақстан» шахтасындағы өртке байланысты Шахтинск қаласының Полиция бөлімі ҚР ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Qazaq.today облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Таратқан ақпаратқа сүйенсек, істі Қарағанды облысы Прокуратурасы тікелей бақылауға алған. Сондай-ақ Полиция бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің 277-бабы 3-бөлігі «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын…
