«Өзбекстаннан озды»: Қазақстан бокс құрамасы Әлем чемпионатын 7 алтын, 1 күміс, 2 қоламен аяқтады

Қазақстан әлем чемпионатын 7 алтын медаль, 1 күміс жүлде және 2 қола медальмен аяқтады. Қазақстан құрамасы басты бәсекелес саналатын Өзбекстан спортшыларынан асып түсті, деп хабарлайды Qazaq.today. Алтын медаль: Санжар Тәшкенбай (50 кг)Махмұд Сабырхан (55 кг)Төрехан Сабырхан (70 кг)Айбек Оралбай (+90 кг)Алуа Балқыбекова (50 кг)Аида Әбікеева (65 кг)Наталья Богданова (70 кг) Күміс жүлде — Назым Қызайбай (48…

Толық оқу

«Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын»: Президент чемпиондарды құттықтады

Фото: Ақорда Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  — Ливерпульде өткен бокстан Әлем чемпионатында ұлттық құраманың жеңіс жолын Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай жалғастырды. Қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті. Әйтсе де алдымызда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден бастап…

Толық оқу

Алтын жауған түн! Айбек Оралбай бокстан әлем чемпионы атанды

Фото: ҚБФ Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Айбек Оралбай (90 келі) алтын медаль алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Отандасымыз финалда өзбекстандық Джахонгир Зокировпен қолғап түйістірді. Бірінші және екінші раундта Айбек қарсыласына есе жіберсе, шешуші раундта қарсыласын қапы қалдырды. Осылайша Айбек ел құрамасына жетінші алтын медальды салды.

Толық оқу

Махмұд Сабырхан бокстан Әлем чемпионы атанды

Фото: boxingkazakhstan Отандасымыз Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында үздік шықты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Ол 55 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте испаниялық Рафаэль Лозано Серраномен кездесіп, айқын басымдық танытты. Бәсеке барысында Махмұд Сабырхан қарсыласына еш мүмкіндік бермеді. Осылайша, екі дүркін Әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

Толық оқу

Санжар Тәшкенбай екі дүркін Әлем чемпионы атанды

Фото: boxingkazakhstan Санжар Тәшкенбай 50 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекеде моңғолиялық Баттулга Алдаркишиді айқын басымдықпен жеңіп, өз мүмкіндігін толықтай дәлелдеді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Жекпе-жек барысында Санжар Тәшкенбай тактикалық тұрғыдан сауатты қимылдап, қарсыласынан басым түсті. Нәтижесінде, Санжар Тәшкенбай өзінің екі дүркін Әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

Толық оқу
Яндекс.Метрика