Ауыл шаруашылығы министрі Ақмола облысының диқандарымен кездесті
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың алғашқы жұмыс сапары Ақмола облысында өтті. Еліміздің солтүстік өңірлерінің арасындағы күзгі-дала жұмыстарының ең төмен қарқыны осында байқалады. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты барлығы 834,3 мың га астық немесе жалпы алаңның 17% — ы жиналды. 9 қыркүйек, сенбі күні Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы облыстың үш ауданына барды. Әрқайсысында агроқұрылымдардың басшыларымен өзекті мәселелер талқыланды. …
