Қошанов: «Теріс діни ағымда жүргендерге тыйым салыну керек»

Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында теріс діни ағымдағы азаматтарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.  «Бүгін Мәжілістің отырысында бір депутатымыз сауал жолданды. «Домбыра-харам» деген әңгіме шықты, көрдіңіздер. Айтып жүрген азаматтарға мен айтар едім: «Біздің ғасырлар бойы қолынан домбыра түсіп көрмеген бабаларымыз сонда күнәһар болғаны ма?». Теріс діни ағымдарда жүрген, заңға…

Толық оқу

Стадионда тегін таратқан туды сатып жатыр

Спорт журналисі Ермұхамед Мәулен азаматтардың хабарландыру сайттарында Қазақстан туын сата бастағанын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.  «Нұрлан Қоянбаев (әзілкеш – ред.) біздің құраманы қолдау үшін 20 000 ту сатып алды. Сол туларды екінші ойында таппай қалдық! Кейбіреулер оларды ақшаға сату үшін 6-7-еуден алып кеткен», – деді Мәулен. Әлеуметтік желі қолданушылары қазақстандықтардың мұндай әрекетіне наразылық…

Толық оқу

Алматы облысында балабақшада 3 жасар бала кәріз құдығына құлап, мерт болды

Алматы облысында 3 жасар сәби балабақша аумағындағы кәріз құдығына құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.  Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға кеше, яғни 13 қыркүйекте сағат 13:08 шамасында болған.   «Еңбекшіқазақ ауданының Полиция басқармасына Қырбалтабай ауылындағы балабақшаның бірінің аумағында ашық кәріз құдығына құлағаннан кейін ауылдық ауруханада 3 жасар баланың қайтыс болғаны туралы…

Толық оқу

Түркістанда 19 жастағы сарбаз қаза тапты

Түркістандағы шекара қызметінде борышын өтеп жүрген Нұрғасыр Темірбеков әскерден қайтуына 10 күн қалғанда қаза тапты. Әскери бөлімдегілердің айтуынша, жұмыс істеп жүрген сарбаз ауыр темірге бастырылып қалған. Ата-анасы 19 жастағы Нұрғасырдың ешқандай жұмыстан бас тартпайтын еңбекқор екенін айтады. Енді олар сарбаздың өліміне жауаптылардың барлығы жазалануы керек деп отыр. Бұл туралы 31-арнаның» бағдарламасы хабарлайды.  Үйінің тұңғышы Нұрғасыр…

Толық оқу

«300 мыңын атады»: елімізде ақбөкендерді атуға ресми түрде рұқсат берілді

Елімізде киіктерді атуға ресми түрде рұқсат берілді. Киік санын реттеу жайындағы Үкіметтің қаулысы бір ай бұрын қабылданып қойған. Оны ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов растады. Бірақ киіктің етін, мүйізін қалай пайдаланатыны әзірге пысықталмаған. Екі жылдан бері созбалаңға салынып келген мәселеге қатысты түпкілікті шешімнің қабылданғанын Экология министрлігі әзірге хабарлаған жоқ, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі…

Толық оқу
Яндекс.Метрика