ОА президенттері Америкада бас қосты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары аясында Орталық Азия мен АҚШ мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысты. Жиында С5+1 серіктестігі арқылы экономика, энергетика және қауіпсіздік салаларында Орталық Азияның егемендігін, орнықты дамуын және өркендеуін одан әрі нығайту үшін бірлесіп жұмыс істеу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды  Qazaq.today Ақордаға сілтеме жасап.  Саммитте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Джозеф…

Толық оқу

Назарбаевтың інісі Самат Әбіштің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Бас прокуратураның Арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты Қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Тергеу құпия құжаттаманың едәуір көлемін зерделеумен байланысты. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов Қаңтар оқиғасы кезінде өзіне Нұрсұлтан Назарбаевтың немере…

Толық оқу

«36 млн теңгеден астам бюджет ақшасын жымқырған»- Степногор қаласында мектеп бухгалтері сотталды

Степногор қаласында ЭЦҚ кілті арқылы 36 млн теңгеден астам бюджет ақшасын жымқырған мектептің бас бухгалтеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazaq.today.  Ақмола облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы әйел 2022 жылдың сәуірінен 2023 жылдың наурызына дейін мекеменің шотынан өзінің банк шотына қаражат аударып отырған. Осылайша ол қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде алаяқтық қылмыс (Қылмыстық…

Толық оқу

Таулы Қарабақта «терроризмге қарсы іс-шаралар» басталды

Сейсенбіде Әзірбайжан Таулы Қарабақта «жергілікті сипаттағы терроризмге қарсы іс-шаралардың» басталғанын жариялады. Елдің Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде айтылғандай, олардың мақсаты — Әзірбайжан әскери қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аймақтағы Әзірбайжан Республикасының конституциялық құрылысын қалпына келтіру, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.  «Қарабақ экономикалық ауданында кең ауқымды арандатушылықтың жолын кесу, Армения Қарулы Күштерінің құрамаларын біздің аумақтарымыздан қарусыздандыру…

Толық оқу

Елде арақ-шарап акцизі 1000 есе өседі

Ұлттық экономика министрі Қазақстанда қымбат арақ-шарапқа салынатын салық көлемі артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.  «Қазақстандықтардың меншігінде жеке яхта, ұшақ, қымбат көліктер жайлы мәліметті жариялап отырмыз. Сән-салтанат салығы да осы санатқа салынады. Бұл салық қымбат арақ-шарапқа да қолданылады. Біз оның мөлшерін 1000 есе көтереміз», — дейді Әлібек Қуантыров. Министр 10 жыл сақталған Macallan…

Толық оқу
Яндекс.Метрика