ІІМ заңсыз шырша кесу деректерін хабарлауды сұрады
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардан шыршаны заңсыз кесу деректері туралы хабарлауды сұрайды, деп жазды Polisia.kz. Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесуді болдырмау – полицияның жаңа жыл қарсаңындағы міндетінің бірі. Биыл 15 желтоқсаннан бастап ІІМ «Шырша» акциясын бастады. Акция барысында табиғатты қорғау полициясы орман алқабында рейдтер жүргізеді. Оған орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлері де қатысады. …
