Түркістан облысында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен полицейлердің гарнизондық байқауы өтті
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің гарнизондық байқауы өтті. Байқауға облыстық департамент бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов қатысып, жеке құрамды келе жатқан мерекесімен құттықтады. «Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Еліміз өркендеп, халықтың бірлігі нығайсын. Тәуелсіздіктің іргетасы мызғымасын, халықтың үміті — асқақ, ал егемендігіміз — тұрақты…
