Алматыда полицейлерге шабуыл жасалды

Алматыда жол полиция қызметкерлері патрульдік іс-шара кезінде көлікті тексеру үшін тоқтатқан. Ал жастар қарсылық көрсетіп, полицияға шабуыл жасаған, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Оқиғаның қалай болғаны видеоға түсіп қалған. Кадрларда жігіттер боғауыз сөз айтып, кейін полицияға шабуыл жасаған. Олар тәртіп сақшыларының бірінің ернін жаралап, мұрнын сындырған. «Видеода мас күйінде полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған ер адамды…

Толық оқу

Биыл денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2,5 трлн теңге бөлінді

Биыл республика өңірлерінде 90 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынды, оның ішінде 59-ы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде іске қосылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. 80 медициналық мекеме жөнделіп, 4 көпсалалы орталық аудандық аурухананы күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Стационарларда 3 млн-ға жуық адам көмек алды. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек желісі 90 млн-нан астам адамды қабылдады….

Толық оқу

Израиль президенті ХАМАС-пен бітімгершілік туралы мәлімдеді

Бұл туралы ел президенті Итжак Герцог 19 желтоқсанда Израильде аккредиттелген дипломаттармен кездесуде мәлімдеді. «Мен олардың кепілге алынғандарды босатудағы күш-жігері үшін алғыс білдірдім. Израиль кепілге алынғандарды босату үшін тағы бір гуманитарлық үзіліске дайын екенін және жауапкершілік толығымен ХАМАС басшылығына жүктелгенін түсіндірдім», — деді Израиль президенті. Герцог Израильдің Палестина халқымен соғыспайтынын бөлек атап өтті. «Біз қатыгез террорист…

Толық оқу

Әлия Назарбаева ҚТЖ билетінің сатылымы мен қоқыс шығару бизнесінен кетті

Коллаж: ulysmedia.kz. Экология министрлігінің басшысы ӨКМ бүгінде 100% мемлекеттік кәсіпорын екенін айтады. «Бұған дейін бұл жеке кәсіпорын болған. Мүмкін оның кәсіпорны (Әлия Назарбаеваның — авт.) болған шығар, нақты білмеймін. Бүгінгі таңда, ресми түрде мәлімдейтінім – қоқыс бойынша да, қоқысты өңдеу және сұрыптау бойынша да бірде-бір кәсіпорында Назарбаеваның қатысы жоқ», — деді экология министрлігінің басшысы. Көлік…

Толық оқу

Қазақстан мен Өзбекстан арасында жүретін автобустар екі есе көбейеді

Келесі жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасында жүретін автобустар саны 2 есе көбейеді. Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің қатысуымен өткен өңірлердегі өндірісті одан әрі кеңейту және қызмет көрсету саласын дамыту мәселелеріне арналған бейне селекторлы жиында белгілі болды. Жиында Өзбекстанның Көлік министрлігіне келесі жылы кемінде тағы 1200 автобус сатып алып, маршруттарға шығару тапсырылды. Сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан…

Толық оқу
Яндекс.Метрика