“Жаңа жылмен жеткен қоныстой»: Оралда 360 отбасы баспаналы болды

Орал қаласының Зачаганск кентінде үш бірдей көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Мұнда баспана кезегінде тұрған 360 отбасы қоныстанып жатыр. Бұл жоба «Тұрғын-үй коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жүзеге асырылып отыр. Соның ішінде үйлер жылдық сыйақы мөлшерлемесі екі пайыздан аспайтын ипотекалық несие беру арқылы сатылған. Бұл жобаға қатысуға биыл қыркүйек айында осыншама адамнан…

Толық оқу

Алматыда қызмет уақытында өрт сөндіруші қаза тапты

Алматыда екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында өрт сөндіруші қаза тапты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today. Ведомствоның хабарлауынша, 25 желтоқсанда сағат 16.56-да Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру есептоптары Қарасай ауданы Көкөзек ауылындағы өртті…

Толық оқу

Аида Мұхтарқызы, нутрициолог, жоғарғы санатты дәрігер: «Адамдар миллиондарға тең денсаулығын күтсе еке»

Өзіңіз жайлы айтып беріңізші. Еліміздегі көптеген белгілі жандардың жеке нутрициологы деп естідім. Онлайн дәрігер болу оңай ма? Бұл жолға қалай келдіңіз? — 16 жылдық жалпы тәжірибесі бар жоғары санатты дәрігермін. Health coach, тамақтану сарапшысы, аnti-age expert-пін. Осыған дейін ауруханаларда, стационарда терапевт мамандығы бойынша жұмыс істегенмін. Емханада жалпы тәжірбиелік дәрігер ретінде, кейін педиатор мамандығымен мемлекеттік мекемелерде жұмыс…

Толық оқу

Елімізде Жаңа жыл кезінде отшашу атқандарға қомақты айыппұл салынады

Қазақстандықтарға жаңа жыл күні рұқсат етілмеген жерлерде отшашу ұйымдастырып, тыйым салынған тауарларды өткізгені және тыныштықты бұзғаны үшін айыппұл салынады. Нақты айтқанда, тыйым салынған тауарларды саудалағаны үшін 86 250 теңге, ал пиротехникалық заттарды заңсыз пайдаланғаны үшін тәркілеумен бірге 69 мың теңге айыппұл салынады. «Бұдан басқа, адамдардың қалыпты демалысы мен тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік жаза да бар….

Толық оқу

Алматыда “Асылтас” атты жаңа театр құрылды

Алматыда  «Асылтас» атты жаңа театр құрылды. Театр ұжымы 27 желтоқсанда  «Арена» атты алғашқы туындысын қоймақ, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Театр құрамында Дулыға Ақмолда, Жандарбек Садырбаев, Жанаргүл Жаныаманова сияқты танымал әртістер бар. «Аренаның» режиссері Елік Нұрсұлтанұлы,  авторы Бақыт Беделхан. Арена-  тартысқа толы тағдырлардың, қайшыласқан тірлік пен арпалысқан өмірдің шырмалып жатқан алаңы! Шырмауға түскен шындықтың шынайы келбетін…

Толық оқу
Яндекс.Метрика