“Жаңа жылмен жеткен қоныстой»: Оралда 360 отбасы баспаналы болды
Орал қаласының Зачаганск кентінде үш бірдей көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Мұнда баспана кезегінде тұрған 360 отбасы қоныстанып жатыр. Бұл жоба «Тұрғын-үй коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жүзеге асырылып отыр. Соның ішінде үйлер жылдық сыйақы мөлшерлемесі екі пайыздан аспайтын ипотекалық несие беру арқылы сатылған. Бұл жобаға қатысуға биыл қыркүйек айында осыншама адамнан…
