«Шешесі мен өгей әкесі өлтірген» — Талдықорғанда жоғалған жасөспірімнің денесі табылды
Талдықорғанда жоғалып кеткен 14 жасар қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы Qazaq.today Жетісу облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. Талдықорғандық Карина Дарохинаның жоғалғанына үш айға жуықтаған. Осы уақыт аралығында оқушы қызды іздеуге еріктілер мен полиция жұмылдырылды. Бүгін облыс полицейлері жасөспірімнің мәйітін тапты. Каринаның анасы мен өгей әкесі қылмыс жасағандарын мойындап, қыздың денесін көмген орынды көрсеткен. «Екі…
