«8-і өзбекстандық»: Алматыдағы тергеу изоляторына депутаттар барды

Алматыдағы тергеу изоляторында қаңтар оқиғасына қатысқан 300-ге жуық тұтқын жатыр. Қылмыс жасап, сот санкциясымен қамауға алынғандардың арасында төрт елдің азаматтары да бар, деп хабарлайды Qazaq.Today порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап Алматыдағы тергеу түрмесінің сыйымдылығы 1360 адамға арналған. Алайда ол жерде қазіргі таңда 1416 тұтқын жатыр. Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан тұтқындар саны көбейгендіктен адам құқығын қорғау…

Толық оқу

«Арасында көз жұмғандар бар»: «Дикий Арманның» қылмыстық тобы 24 адамды ұрлап әкетіп, күштеп ұстаған

«Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының мүшелері 24 бейбіт тұрғынды ұрлап кетіп,  күштеп ұстаған. Бұл туралы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеді,  деп хабарлайды Qazaq.Today порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап. Ожаровтың айтуынша, бүгінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 мүшесі ұсталған. Сондай-ақ 21 адамның адам өлтіру, ұрлық, тонау баптары бойынша соттылығы бар болып…

Толық оқу

«Жерімізді тартып алып, шенділерге үй салып берді»: Түркістан тұрғындары әкімдік пен соттың «заңсыз әрекетін» әшкереледі

Түркістандық ондаған тұрғын жергілікті биліктің «былығын айтып» редакциямызға шағымданды. Олардың айтуынша, осыдан 15 жыл бұрын заңды түрде алған жер телімдерін әкімдік тартып алыпты. Жалпы, Түркістан облыс орталығы болған 3-4 жылдан бері қалада жер дауы көбейіп кеткен. Әкімдік «мемлекеттің қажеттілігі» үшін деген талаппен кезінде өзі берген жерлерді қайта тартып алған. Тұрғындар салып қойған үй-жайын бұзуға мәжбүр…

Толық оқу

«Балаларымызды ұрып-соғып, азаптап жатыр»: Қаңтардағы қақтығыс кезінде ұсталған жасөспірімдердің аналары жанайқайларын жеткізді

Таразда қаңтардағы қақтығыстан соң тергеуге алынғандардың аналары араша сұрайды, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпараттық агенттігі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, шаһарда шеруге шықты деген күдікпен кәмелеттік жасқа толмаған 8 жасөспірім істі болып жатыр. Ал оның әділ тергелуін талап еткен ата-аналар изоляторда балаларын азаптап жатқанын айтады. “17 жастағы балалар ІІМ-нің мылтықтары қай жақта тұрғанын қайдан біледі. Бізде заң…

Толық оқу

Лукашенко: Украина басып кірсе, Беларусь Ресей сияқты әрекет етеді

Беларусьтің авторитар басшысы Александр Лукашенко (сайлау нәтижесін бұрмалады деп айыптаған АҚШ пен Еуропа одағы оны президент қызметінде заңсыз отыр деп біледі), егер Украина әскері Донбастағы сепаратистерге шабуыл жасайтын болса, онда Беларусь әскері «дәл Ресей әскері сияқты әрекет етеді» деп мәлімдеді. Бұл туралы Азаттық жазды. Ресейлік тележүргізуші Владимир Соловьёвтің «яғни бұл (әрекет) бірлесіп жасала ма?» деген…

Толық оқу