Батырбаевты азаптаған күдікті полицей ұсталды
Талдықорғанда қаңтардың басында болған дүрбелеңнен кейін қамауға алынып, абақтыда азап шеккен, «арқасына үтік басылған» Азамат Батырбаевтың адвокаты азаптау ісі бойынша күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Батырбаевтың адвокаты Бауыржан Азановтың сөзіне қарағанда, жедел уәкіл болып істейтін полиция қызметкері 27 ақпанда Талдықорғанда ұсталған. Тергеу соты оны қамауға алған. Азаттыққа түсініктеме берген адвокат күдіктінің қамалуын «үлкен жеңіс» деп атады, себебі Қазақстанда…