Премьер-министр Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды

Фото: Үкімет  Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, бірқатар негізгі өндірістік кәсіпорынды аралады, сондай-ақ өнеркәсіп секторының өзекті мәселелерімен танысты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын аралау барысында Олжас Бектенов «Steel Manufacturing» патрон зауытының жұмысымен танысты. Қазақстандық патрон зауыты – қорғаныс-өнеркәсіп кешеніндегі жоғары технологиялық бірден-бір кәсіпорын. Мұнда қауіпсіздік мәселесіне…

Толық оқу

Алдағы күндері елімізде 38 градус аяз болады

Еліміздің басым бөлігінде аяз болжануда. Арктикалық антициклон Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан жылжиды және республиканың көп бөлігін біртіндеп қамтып, аязды ауа-райын әкеледі. 15 ақпанда шығыста, 16 ақпанда еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ пен бұрқасын болжанады. Батыста ауа температурасы түнде 12-30 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 30-38 аязға дейін,…

Толық оқу

Алматы прокуратурасы ҚазҰУ студенттері жеке деректерінің таралуына қатысты тергеуді бастады

Алматы прокуратурасының нұсқауымен жеке деректерді тарату бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. «2024 жылғы 14 ақпанда Бостандық ауданының полиция басқармасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і студенттерінің медициналық құпияны құрайтын жеке деректер мен мәліметтерді тарату фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 147-бап бойынша («Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау…

Толық оқу

Тоқаев Қазақстан «Талибан» қозғалысын лаңкестік ұйымдар тізімінен неге алып тастағанын түсіндірді

Президент Қатар Мемлекетінің Консультативтік Кеңесі мүшелерінің алдында сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорда. Президенттің пайымдауынша, Қатармен көпжақты серіктестіктің орнықты дамуы өңірдегі, әсіресе, Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа тікелей байланысты. «Қазақстан БҰҰ арналары және басқа да халықаралық ұйымдар арқылы Ауғанстанға көмек көрсетіп келеді. Аталған елмен экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін Қазақстан «Талибан» қозғалысын лаңкестік ұйымдар тізімінен алып тастады. Бұл…

Толық оқу

Президентке Джасим бен Мұхаммед бен Тәнидің қылышы табысталды

Президентке Катар мемлекетінің негізін қалаған шейх Джасим бен Мұхаммед бен Тәнидің қылышы табысталды, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі. Мемлекеттің негізін қалаушы шейх Джасим бен Мұхаммед бен Тәнидің қылышы – Катардың ең жоғары мемлекеттік символы. Оны монархтарға, ханзадаларға және мемлекеттер басшыларына Катар мемлекетіне және бүкіл адамзаттың дамуына қосқан үлесі үшін әмірдің өзі табыстайды. Бұл қылыш алғаш рет…

Толық оқу
Яндекс.Метрика