Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арнап құран оқытты

Мемлекет басшысы Хазірет Сұлтан мешітіне барып, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап құран оқытты. Бұл туралы Qazaq.Today басылымы жазды. Бүгін 31 мамыр — Қазақстанда қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 1920-30-жылдардағы ашаршылықтан түрлі дерек бойынша қазақ халқының жартысына жуығы қырылды. Тек Қазақстанда 20 мыңнан астам адам түрмеге қамау, ату сияқты қатал жазаға кесілді. Осы…

Толық оқу

Қазақстанда үсік жүреді

«Қазгидромет» синоптиктері 31 мамыр мен 1-2 маусымдағы ауа райын болжады. «Жылудың артынан жаңбыр келеді. Мамырдың соңғы күні Қазақстан аумағының басым бөлігі Сібірдің үстіндегі циклон жырасының ықпалында болады — найзағай ойнап, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Республика бойынша жел күшейеді», делінген хабарламада. Алайда метеорологтар 1 маусымда Батыс Қазақстанға Солтүстік антициклон әсер ете бастайтынын, ол республика…

Толық оқу

Қаңтардан кейін ұсталған экс-қорғаныс министрі Бектановты қамау мерзімі ұзартылды

Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамау мерзімі 20 маусымға дейін ұзартылды. Бұл жөнінде Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. 19 ақпанда бас прокуратура Қылмыстық кодекстің «Биліктегі әрекетсіздік» бабы бойынша бұрынғы министр Мұрат Бектановтың үстінен қылмыстық іс қозғап, 20 қаңтарда екі ай мерзімге қамауға алған еді. Мұрат Бектанов 2021 жылы тамызда Жамбылдағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін…

Толық оқу

Болат Назарбаев Алматыда — дереккөз

Telegram-арналардың бірі тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев Алматыда екенін хабарлады. Бұл туралы Orda.kz сайты жазды. Дереккөздің хабарлауынша, Болат Назарбаев оңтүстік астанадағы үйінде. Оның жағдайы ауыр, ол үнемі бақылауда. Бұған дейін Болат Назарбаевтың сөйлей алмайтындығы, ауыр хәлде екені хабарланған. Еске салсақ, 27 сәуірде Болат Назарбаевтың Түркияда емделіп жатқаны белгілі болған. Оның диагнозы нақтыланбады. Ол…

Толық оқу

Балқаш гарнизонында офицер жараланды, жағдайы ауыр

Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов Балқаш гарнизонында офицер жараланды, жағдайы ауыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «30 мамырда Балқаш гарнизонында қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан офицер жараланды. Зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер әскеридің жағдайын ауыр деп бағалап отыр», — делінген хабарламада. Бұл дерек бойынша соталды тергеу жұмыстары…

Толық оқу