Алматының Жетісу ауданында жыл басынан бері 19 шақырым жол жөнделді
Алматының Жетісу ауданында жыл басынан бері 19 шақырым жол жөнделді. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv. Ұзындығы 2,6 шақырым болатын төрт мекенжайда тротуарлар жөнделді, жалпы ұзындығы 4,4 шақырымды құрайтын 27 мекенжайдағы арық желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әкімдік ауданда сыртқы келбетті жақсарту жұмыстарының қарқынын арттыруда….