Оралда белгілі кәсіпкерді өлтіріп кеткендер ұсталды: Олардың бизнесменге не себепті шабуыл жасағаны белгілі болды

Орал қаласында белгілі кәсіпкерді пышақтап өлтірді деген күдікке ілінген екі адам ұсталды. Айта кетсек, 6 тамыз күні сағат 20:00 шамасында 48 жастағы Еркін Мұханғалиевті өлтіріп кетті. Ол пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Марқұм «Гульчатай» дәмханасы (бұрынғы «Астория» мейрамханасы) мен «Махаббат» мейрамханасының қожайыны болған. Кісі өлтірді деген күдікпен 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы…

Толық оқу

Қытайдан жаңа қауіпті вирус анықталды

Қытай мен Сингапур ғалымдары Қытайда кем дегенде 35 адам жұқтырған генипавирустың жаңа түрін анықтады. Ауру симптомдарына қызу көтерілуі, әлсіздік, құсу және жөтел жатады. Вирустың адамнан адамға жұғу мүмкіндігі әлі анықталмаған. “Қытайдың Шаньдун және Хэнань провинцияларынан “Ланья” (Langya henipavirus, LayV) вирусын жұқтырған 35 науқас анықталды”,- деп жазды Пэнпай басылымы. “Ланья” вирусы ғалымдардың пікірінше “Нипах” вирусына ұқсайды….

Толық оқу

Ұзынағашта атыс болып, бір адам қаза тапты

Алматы облысы Ұзынағаш ауылында атыс болып, бір адам қаза тапты. Екеуі жарақат алды. Қазір күдіктілерді ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр.  «4 тамыз күні сағат 16:20-да Ұзынағаш ауруханасына оқ тиген үш адам түсті. Оның біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмды. Полиция бірден мән-жайды анықтап, аталған қылмысқа қатысы бар адамдарды іздеуге кірісті. Қазір оларды ұстау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр….

Толық оқу

Жүрсін Ерман эфиопиялық құдасына ат мінгізіп, шапан жапты (ВИДЕО)

Тедрос Гебрейесустің атақты балуан Дәулет Тұрлыхановпен бауыздау құдасы. ДДСҰ басшысының ұлы Дәулет Тұрлыхановтың қызына үйленген. Ал, Дәулет Тұрлыханов – Жүрсін Ерманның күйеу баласы. Әлеуметтік желіде ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесусқа ат мінгізіп, шапан жауып жатқан сәтінен кадрлар пайда болды, деп жазады nur.kz. Аталған видеоны Instagram желісінде megapolis.kz парақшасы жариялаған. Онда ДДСҰ басшысы демалысын Алматыда, қазақы ортада…

Толық оқу

Екі дүркін Олимпиада чемпионы 9 жылға сотталды

Мәскеу маңындағы Химки қалалық соты америкалық баскетболшы Бриттни Грайнерді тоғыз жыл бас бостандығынан айырып, контрабанда үшін 1 миллион рубль айыппұл төлеуді міндеттеді, — деп хабарлайды Vesti.kz. Сот шешімі бойынша Грайнер абақтыға қамалады. Басылым мәліметінше, спортшы кінәсін толық мойындап, Ресейде тыйым салынған затты емдік мақсатта қолданатынын айтқан. Яғни, Аризона штатында Грайнердің дәрігері марихуананы емдік мақсатта қолдануға…

Толық оқу