Қостанай облысындағы өрт: орман шаруашылығының басшысы қамауға алынды

Қостанай облысындағы табиғи өртке қатысы бар деген күдікпен жергілікті орман шаруашылығының басшысына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. Қостанай облысының прокуратурасымен 13 қыркүйекте «Басаман орман шаруашылығы мекемесі» КММ-нің басшылығына қатысты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы), – делінген облыстық прокуратура хабарламасында. Ведомство…

Толық оқу

Halyk Homebank қосымшасында «Халык-Life» АҚ ұсынған өмірді сақтандыру бағдарламасы іске қосылды

2022 жылдың 14 қыркүйегінен бастап Халык-Life сақтандыру Компаниясы валютада максималды табыстылығы 3,52% дейін болатын «Халық-Қазына» атты өмірді сақтандырудың жинақтаушы онлайн бағдарламасын іске қосты. «Халық-Қазына» өмірді сақтандырудың жинақтаушы бағдарламасы валютадағы депозиттерге үздік балама болып табылады. Бағдарлама сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін не сақтандыру оқиғасы басталған кезде өтеу түрінде төленетін валютада жылдық 3,52% – ға дейінгі мөлшерде инвестициялық табысқа кепілдік береді. Сақтандыру жарнасының ең төменгі мөлшері теңге баламасында 1…

Толық оқу

Қаңтар оқиғасынан кейін де салафиттердің мұртын балта шаппады – теолог

Дінтанушы маман елдегі діни ахуалға баға берді Қазақ астанасының төрінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі өтіп жатыр. Оған Рим Папасынан бастап, будда, ислам, өзге де діндердің өкілдері қатысып, бейбітшілікті сақтау, адамзаттық қауіпсіздігі сынды тақырыптарда пікір білдірді. Қазақстан бұндай ауқымы жиынды бұған дейін де бірнеше рет өткізген. Күрмеуі қиын дін мәселесінде сан түрлі ой-пікірді…

Толық оқу

«20 мың берем, ұрмашы»: желіде бір топ жігіттің жас баланы азаптаған видеосы тарады

Ақтау қаласында бір топ адам жас жігітті азаптап, қинаған. Күдіктілер жігіттің жалынғанына қарамастан соққыға жыққан, деп хабарлады Qqazaq.today ақпараттық порталы. Әлеуметтік желіге тарап кеткен видео елдің наразылығын тудырды. Бірақ ашулы топ «айыптыны» өз беттерінше жазалаған. Жігіттің қолын тастың үстіне қойып, шынжырмен бірнеше рет ұрған. Артынша сол шынжырмен денесінен және басынан сабаған. Қан-жоса болған жас жігіт…

Толық оқу

Түркістан облысында орын алған оқушылар төбелесінен бір бала көз жұмды

Түркістан облысында орын алған оқушылар арасындағы төбелес кісі өлімімен аяқталды. Polisia.kz   хабарлауынша күдікті ретінде көрші ауылдың тұрғыны ұсталған. Түркістан облысы ПД кезекші бөліміне Кентау қаласының маңындағы ауылдардың бірінен пышақ жарақатын алған жас жігіттің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ол кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын, 10-сынып оқушысы болып шықты. «Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері мен Түркістан…

Толық оқу