400 мың теңге пара алып, 20 миллион айыппұл арқалады: СҚО-дағы экс-шенеунік сотталды
Солтүстік Қазақстан облысында пара алған бұрынғы шенеунікке ірі айыппұл салынды. Есіл ауданының ТКШ бөлімінің экс-басшысы Қайрат Ахметов 400 мың теңге пара алып, сот үкімімен 20 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Тергеу дерегінше, Ахметов кәсіпкерден ақша алып, аудандық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарының актілеріне қол қоюға уәде берген. Сотта ол кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді….
