Шавкат Рахмонов су тасқынына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94 Шавкат Рахмоновтың халыққа жасаған видеоүндеуі Instagram желісіндегі жеке парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. «Ардақты ағайын, «Апат айтып келмейді» дейді халқымыз. Көптеген ауыл-аймақты су басып қалды. Үлкендеріміз мұндай апат бұрын-соңды болмағанын айтып жатыр. Мемлекет тарапынан барлық шара қабылдануда. Әскерилер, құтқарушылар мен еріктілер су тасқынымен күресуге жұмылдырылды. Олар күн-түн демей жұмыс жасап жатыр….
