«Апаттан қираған үйлерді тез арада қалпына келтіруді тапсырды»: Тоқаев Өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады
Фото: Ақорда Мемлекет басшысы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевты қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Қанат Шарлапаев өнеркәсіптік даму, геология, жер қойнауын пайдалану және құрылыс салаларындағы жұмыстың нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндады: биылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 7,4 пайызды құраған. Өндіріс көлемін ұлғайтуда машина жасау, металлургия, химия және жеңіл…
