«Жасанды интеллект арқылы дауысты өзгертеді»: Ұлттық банк алаяқтыққа қатысты үндеу жасады
Фото: parstoday.ir Ұлттық банк жасанды интеллектті қолданушы алаяқтардың көбейіп келе жатқанын айтып, қазақстандықтарды алданып қалмауын ескертті. Олар алаяқтардың адамдардың туысы мен жақын адамының немесе танымал медиа-тұлғаның даусын салатынын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Ұлттық банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін және азаматтардың қаражатын сақтандырумен айналыспайтынын ескертіп, сақ болуға шақырды. “Адамның шынайы дауысын пайдалану үшін…
