Президент Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзерді қабылдады
Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы және CLASS Group компаниясы байқаушылар кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективасын талқылады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының айтуынша, Германия Қазақстанның Еуропа Одағындағы стратегиялық серіктесі саналады. Сауда-экономикалық қатынастар қарқынды дамып келеді. Сондай-ақ неміс бизнесі Қазақстандағы үлесін кеңейтуге…
