Ақтауда алқабилер есірткі сатқан полковниктің ұлын ақтап шықты
Фото: pixabay 15 мамырда Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткі сатқаны үшін айыпталған полиция полковнигінің ұлын ақтап алды, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат агенттігі. Алқабилер сотталушыны қылмысқа қатысқаны туралы дәлелдің жоқ екенін айтып, ақтау үкімін шығарған. Іс материалдарына сәйкес, 2023 жылдың қазан айында сотталушы Ақтауда болған кезде психотроптық заттарды Telegram мессенджері арқылы таратуға…
