Қазақстандықтарға электромобиль әкелудегі жеңілдіктің аяқталатыны ескертілді

Фото: Максим Морозов Қазақстанда электромобильдерді кедендік төлемсіз әкелуге берілген квота аяқталуға жақын. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, белгіленген 15 мың автокөліктің 13 мыңнан астамы елге жеткізілген. Бұл жалпы лимиттің 87 пайызынан асады, деп хабарлайды Qazaq.today. Осылайша, қазір қолданыстағы тарифтік жеңілдікпен елге әкелуге болатын электромобиль саны 1 900-ден аз қалды. Ведомство электрокар алуды жоспарлаған азаматтарға осы…

Толық оқу

«Реал Мадрид» Алматыға ашулы келмек

Фото: Gettysport Испания чемпионатының 7-турында өткен мадридтік дерби жанкүйерлер есінде ұзақ сақталмақ. «Атлетико» өз алаңында басты қарсыласы «Реал Мадридті» 5:2 есебімен ойсырата жеңді. Бұл нәтиже «Реалдың» маусымдағы алғашқы жеңілісі болып тіркелді. Матч «Рияд Эйр Метрополитано» стадионында өтті. Алғашқы голды 14-минутта Робен Ле Норман соқты. Көп ұзамай Килиан Мбаппе мен Арда Гюлердің голдары «Реалды» алға шығарды….

Толық оқу

Костанайда жантүршігерлік оқиға – жүк көлігі бензин құю станциясына кіріп кетті

Костанай облысының Б. Майлин ауданындағы Тобыл кентінде таңертең күтпеген жағдай болды. Жүк көлігі үлкен жылдамдықпен келіп, «Мұнай Өнімдері» желісіне тиесілі жанармай бекетінің ғимаратына соғылды. Оқиға салдарынан ғимарат қабырғасы тесіліп, сауда аймағы мен әжетхана бүлінген. Абырой болғанда, жанармай құю колонкаларына зақым келмей, өрт шыққан жоқ. Ең бастысы – зардап шеккендер жоқ. Полиция департаментінің мәліметінше, тексеру тағайындалды….

Толық оқу

Астана – Петропавл трассасында қанды жол апаты: 16 жастағы қыз көз жұмды

«Астана–Петропавл» тасжолының 289-шақырымында Hyundai Santa Fe көлігі мен КамАЗ-55111 жүк көлігі соқтығысып, жасөспірім қыз қаза тапты. Полиция департаментінің хабарлауынша, 16 жастағы жолаушы жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған. Тағы бір 65 жастағы әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Департамент жол қозғалысына…

Толық оқу

Түрмеде бір тұтқынды қамтамасыз етуге мемлекет айына 90 мың тг. жұмсайды

Қазақстан қоғамында қызу талқыға түскен мәселелердің бірі – түрмеде бір тұтқынды (сотталған адамды) қамтамасыз етуге мемлекет айына шамамен 90 мың теңге жұмсайды екен, ал елдегі ең төменгі жалақы (МЗЖ) мөлшері небәрі 85 мың теңге. Фото: zanmedia.kz Бұл дерек көптің көңіліне қаяу салып, «қылмыскерді бағуға мемлекет шығын аямағанымен, адал еңбектенетін азаматтың еңбекақысы неге сонша аз?» деген әділеттілік сауалын туындатты. Қазақстан түрмелерінде отырған…

Толық оқу
Яндекс.Метрика