Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде 12 құжатқа қол қойылды

Бүгін Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті аясында 12 құжатқа қол қойылды, деп хабарлады Ақорда. Құжаттар тізімі: Астана Актісі; Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясы; Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі; Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі; Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын…

Толық оқу

Талдықорғанда ер адам бұрынғы сүйіктісін пышақтап өлтірмек болған

Талдықорғанда ер адам бұрынғы сүйіктісін бауыздап өлтірмек болды. Алайда, қыздың айтуынша, полиция «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғаған, деп хабарлайды Qazaq.today. 27 қазан күні ер адам 28 жастағы Адина Хуанбекқызына шабуыл жасаған. Сауда үйінің қауіпсіздік камерасына оқиға болған сәт түсіп қалған. Кадрларда ер адам қызды қолымен ұрып-соғып, тұншықтырып өлтірмек болғанын көруге болады. Кейін ол үстелден кеңсе…

Толық оқу

Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтеді

Бүгін Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті өтеді. Жиынға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан басшылары қатысады. Кешеден бастап саммитке қатысатын мемлекеттердің басшылары елордаға жинала бастады. Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды. Qazaq.today

Толық оқу

Қостанай облысында тағы бір отбасы газдан уланып қайтыс болды

Қостанай облысында ерлі-зайыптылар газдан уланып қайтыс болды. Alau.kz хабарлауынша, қайғылы оқиға Май ауданының Бейімбет Майлин атындағы ауылында болды. «Қайғылы жағдай табиғи газдан уланудан болған. Жеке үйден ер мен әйел өлі табылды. Оған сұйылтылған газ пешінің ашық қалуы себеп болған», – деді Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қайрат Қасым. Естеріңізге сала кетейік, 27 қазанда Шымкентте бір отбасы…

Толық оқу

Алматы облысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі ұсталды

Алматы облысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. «2 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Алматы облыстық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілін ұстады», — делінген ведомство хабарламасында. Бұл факті…

Толық оқу