Тоқаев Айдос Садыққа жасалған қастандықты бақылауда ұстауда – Президенттің баспасөз хатшысы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Киевте орын алған қазақстандық оппозиционер Айдос Садыққа жасалған қастандыққа байланысты тергеу барысын мұқият бақылауда. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Qazaq.today ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Президенттің нұсқауы бойынша Қазақстанның құқық қорғау органдары осы қылмыстық істің мән-жайын анықтау үшін жедел шаралар қабылдап жатыр. Берік Уәлидің айтуынша, «Мемлекет басшысы құқық…

Толық оқу

«Жын кірген»: Түркістанда балаларын қылқындырып өлтірген әйелдің адвокаты адамшошырлық деректермен бөлісті

Түркістанда 2 және 4 жасар балаларын тұншықтырып өлтірген әйелге сот үкімі шықты деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі. 31 жастағы Бота Хамитқызы сот барысында өз кінәсін мойындаған. Және жарыссөз кезінде жазасын жеңілдетуді сұрапты. “Іс бойынша сотталушының жеңілдететін мән-жайлары оның бұрын сотты болмағанын сот ескерді. Одан бөлек іс бойынша қылмыстық іс-әрекетін ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқпыз”, — дейді…

Толық оқу

Күн суытқанға дейін барлық азамат жаңа тұрғын үйге қоныстанады — Олжас Бектенов су тасқыны салдарын жою туралы

Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов ауқымды су тасқынының салдарын жою жөніндегі қалпына келтіру жұмыстарының барысына түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaq.today үкімет отырысын. Үкімет басшысы су тасқыны мыңдаған азаматқа, сондай-ақ инфрақұрылымға, экономикаға және жалпы елімізге айтарлықтай зиян келтіргенін атап өтті. 120 мыңнан астам адам өз үйінен эвакуацияланды. Олардың 67 570-і үйлеріне оралды….

Толық оқу

100 градустан асатын аптап ыстық болады: миллиондаған адамның өміріне қауіп төнеді

Төрт континенттегі қалаларды жаздың аптап ыстығы күйдіріп барады. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасаған Qazaq.today хабарлайды. Климаттың өзгеруі рекордтық ыстық алып келді, өткен жаздағы ең ыстық деген рекордтар биыл одан да асып түсуі мүмкін. Бұл – метеорологтардың болжамы. Соңғы күндердегі рекордтық температура Азия мен Еуропада жүздеген, тіпті мыңдаған адамның өліміне себеп болған. Жерорта теңізі елдері апта бойы температураның көтерілуін…

Толық оқу

Қазақстаннан бірде-бір ауыр атлет Париж Олимпиадасына бармайды

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қазақстан спортшылары Парижде өтетін Олимпиада ойындарына ауыр атлетикадан бір де бір жолдама алмағанын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. «Олимпиада – ең үлкен маңызды дода. Париждегі жарысқа 205 мемлекеттің 10,5 мың спортшысы 32 түрінен қатысады. Бүгінгі таңда бізде 22 спорт түрінен…

Толық оқу
Яндекс.Метрика