Қонаев қаласында мемлекеттің жарты млрд теңгесін ұтқан компания жұмысты шала тастаған
Алматы облысында мемлекеттің жарты миллиардқа жуық қаржысын тендерден ұтып алған компания жұмысты шала тастап кеткен. Қонаев қаласының ортасы қазылған орға толып қалған. Тұрғындардың шағымы көбейсе де, жұмыстың аяқталар түрі көрінбейді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Ал жауапсыз компанияға сөзін өткізе алмаған әкімдік енді сотқа жүгінбек. Жұмыстың басталғанына бір жылдан асқанымен, небәрі 7 шақырым құбырдың жартысы…