ҰҚК: Елдің негізгі қалаларында террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі енгізілді
Құрметті астананың, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларының тұрғындары мен қонақтары! Қазақстанда шілденің 2-5 аралығында бірқатар маңызды халықаралық іс-шаралар, оның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі мен Қытай Халық Республикасы Төрағасының мемлекеттік ресми сапары өтеді. Осыған орай әлемге белгілі тәжірибеге сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар келетін шетелдік делегациялардың, олардың ішінде мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдар…
