Жетісу облысында 25 миллион теңге жымқырған күдікті ұсталды

25 миллион теңгеден астам қаражат ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qazaq Today агенттігі. «20 сәуірде Көксу ауданының полициясына Акционерлік қоғамның өкілінен арыз түсті. Онда аудандық филиал директорының кассадан қомақты соманы алып, белгісіз бағытта қашып кеткені хабарланған», — деп хабарлады ІІМ. Акционерлік қоғам өкілінің айтуынша, күдікті өзінің қызметтік жағдайын асыра пайдаланып, қолма-қол ақша алып, жоғалып кеткен. Тексеру…

Толық оқу

Атлант мұхитынан жүзге жуық мигранттың мәйіті табылды

Мавританияның жағалау күзеті дүйсенбіде Атлант мұхитынан 89 адамның денесін тауып, 9 адамды құтқарды, қалғаны із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды Qazaq Today агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. Тірі қалғандардың айтуынша, өткен аптада 170 адам қайыққа мініп, Сенегал-Гамбия шекарасынан шыққан. Қайық Мавританияның оңтүстік-батыс жағалауында аударылған. Мавритания Батыс Африкадан Еуропаға ағылатын мигранттардың негізгі транзит пункті болып саналады. Былтыр мыңдаған…

Толық оқу

Оралда ерлі-зайыптының күйік шалған денесі табылды

Оралдағы үйлердің бірінен ерлі-зайыптының күйік шалған денесі табылды, деп хабарлайды Qazaq Today агенттігі «Мой Город» басылымына сілтеме жасап.  Қайғылы оқиға 3 шілдеге қараған түні болды. БҚО ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, сағат 02:34-те өртсөндірушілердің пультіне «Пенсионер» бау-бақша серіктестігінде 30 шаршы метр аумақта саяжай өртеніп жатқаны туралы шақыру түскен. Сағат 4:30-да өрт толық ауыздықталды. Оқиға орнынан өртсөндірушілер екі адамның…

Толық оқу

Шекараны бұзып өтпек болған 55 шетелдік ұсталды – ҰҚК

Биыл маусымда Қазақстан шекарасын бұзып өтпек болған 55 шетелдік ұсталды, деп хабарлады ҰҚК Шекара қызметі. Шекара қызметі 2024 жылғы маусымның жұмысын қорытындылады. Шекарада заңды бұзудың 4 337 дерегі анықталды: Шекараны бұзғаны үшін 55 шетелдік ұсталды; Шекараны бұзып өтпек болған 35 шетелдік ұсталды. Мемлекеттік шекара арқылы тыйым салынған затты алып өтудің 1 639 дерегі тіркелді: 46 – есірткі,…

Толық оқу

Маңғыстауда жасөспірімді зорлаған күдікті 22 жылға сотталды

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жасөспірімді зорлау және оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған ер адамға қатысты қылмыстық ісі қаралды, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі. Сотта анықталғандай, айыпталушы 2023 жылдың тамызы мен қарашасы аралығында жасөспірім жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оны бірнеше рет зорлап, жыныстық қатынасқа түскен және оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық…

Толық оқу
Яндекс.Метрика