«Мен үшін түкке тұрмас»: Алматыда 10 адамды атып өлтірген Күлекбаев алғаш рет сұхбат берді

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Руслан Күлекбаев сотталғаннан кейін алғаш рет журналистерге сұхбат берді, деп хабарлады КТК телеарнасы. Қазір Руслан Күлекбаев жазасын Қостанай облысындағы «Қара бүркіт» қатаң режимдегі колониясында өтеп жатыр. Карцерде кітап оқиды. Оған анасы мен балаларын көруге рұқсат етілген.   «Күлекбаев мекемеге келген кезде мінезі тұйық болды. Радикалды мінезі оңалмаған күйде болды. Басқа…

Толық оқу

Эйр Астана әуекомпаниясына 876 млн теңгеден аса айыппұл салынды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен прокуратура органдарымен Эйр Астанаға қатысты бірлесіп жүргізген тексеру аяқталды. Тексеру қорытындысы бойынша Эйр Астана әуекомпаниясы Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен жанармай алымын негізсіз қолдануда көрсетілген үстем/монополиялық ережені теріс пайдаланғаны үшін 876 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ұшақ билеттерін ұшу күні немесе таяу…

Толық оқу

Қостанайда 20 тонна шемішке өртеніп кетті

Пешковка ауылы «Трояна» ЖШС аумағындағы кептіру камерасынан өрт шықты, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.  Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 200 шаршы метр аумақта сақталған астық кептіргіштегі шемішке (шамамен 20 тонна) өртеніп кеткен. «Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі — технологиялық процестің бұзылуы», – делінген хабарламада.    

Толық оқу

Алматы облысында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Алматы облысында жиналып, жаппай төбелес шығарған жасөспірімдер жауапқа тартылды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. Оқушылардың топтасып жаға жыртысып жатқан видеосы әлеуметтік желілерде тарауда. Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Іле ауданы Жапек батыр ауылында болған. Төбелескен – жергілікті мектептің оқушылары. Тексеру барысында анықталғандай, 29 қараша күні 2008 жылы туған 9-сынып оқушысы мен 2007 жылы…

Толық оқу

Жетісу облысында жылқы адам өліміне себеп болды

Жетісу облысында жеңіл көлік жылқығы соғылып, апатқа ұшырады. Жол апаты 3 желтоқсанда таңертең Сарқан қаласынан шыға берісінде Audi A8 автокөлігінің қатысуымен болды, аталған көлік кенеттен жолға атып шыққан ірі атпен соқтығысқан. Ауди А8 көлігінің 45 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Шетелдік көлікте жолаушы ретінде болған 54 жастағы ер адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызлды.

Толық оқу