Олигарх Төлешовке тиесілі болған Фосфоршылар сарайы Шымкент әкімдігінің балансына алынды

Коллаж: ulysmedia.kz. Бұл жайлы орталық коммуникациялар Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. «Сіз кезінде мемлекет меншігіне Шымкенттегі фосфоршылар сарайы өтетінін хабарлаған еді. Ол кезінде олигарх Тоқтар Төлешовке тиесілі болған. Қандай тетік бойынша әрекет етесіздер? Қазір сарайы жекенің меншігінде ме? Оны мемлекетке қайтару үшін қаражат жұмсала ма?» – деп сұрады журналист әкімнен. Ғабит Сыздықбековтың…

Толық оқу

Астанада басқарма басшысы болған әйел мәжбүрлі еңбекке тартылды

Астана қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды басқару басқармасының бұрынғы басшысы Әлия Қожабаева ірі көлемде сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Елорданың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты экс-шенеунікті қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 5 жылға бас бостандығын шектеді. Оның әрекетінен келген шығын 5 миллион теңгеге бағаланған. Қожабаеваға енді өмір бойына мемлекеттік қызметте, қаржы…

Толық оқу

ТЖМ: «-39 градусқа дейін аяз болады»

«Қолайсыз ауа райы кезінде қауіпсіздікке баса мән беру керек», деп ескертті Төтенше жағдайлар министрлігі.  «Қазгидромет» болжамына сәйкес желтоқсанда ауа райы жиі өзгереді. Кейбір ауданда қар көп жауып, боран болатыны хабарланады. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады, тұман, көктайғақ, екпіні секундына 15-30 метрге дейін немесе одан да көп жел соғады деп күтіледі. Жауын-шашын тоқтап, тұрақсыз…

Толық оқу

Алматы облысында қатыгез әкесінен соққы жеген кішкентай ұл мектептен араша сұрады

Алматы облысында прокуратура, полиция және басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлерінен құралған мобильді топтар 800-ден астам отбасына барды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Облыстық прокуратура мәліметінше, тексеру барысында сегіз қылмыстық іс қозғалып, 73 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 27 бала отбасынан алынды. Сотқа ата-ана құқығын шектеуге қатысты тоғыз талап-арыз түсті. «Аудандардың бірінде өгей әкенің сегіз жасар баланы…

Толық оқу

Қарағандыда субсидия ұрлаған азамат 6 жарым жылға сотталды

Қаржы мониторингі агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаменті мамандары 253 млн теңгеге аса ірі көлемдегі инвестициялық субсидияларды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.  «Күдікті Қарағанды облысының шаруа және фермер қожалықтарының атынан жалған құжаттарға сүйене отырып, жоғары бағамен субсидия алуға өтініш беріп, соның негізінде қаражатқа иелік еткен», — делінген мәліметте….

Толық оқу