«Қазақстанда тыйым салынған кітап тәркіленді»: Шымкентте 22 адамнан тұратын радикал-экстремистік ұйым анықталды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасы бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 22 тұлғадан тұратын «Хизб-ут-Тахрир» радикал-экстремистік ұйымын анықтады. Прокуратураның мәліметінше, олар ағымдағы жылдың «Рамазан» айында «ауызашар» өткіземіз деген желеумен радикалды экстремистік ұйымның жергілікті жақтастарының санын көбейту және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін діни жиындар өткізген. “Тінту барысыда Қазақстанда тыйым салынған 7 діни кітап, діни мазмұндағы…
