Желіде вокзалды паналап жүрген қарт ананың видеосы тарады
Желіде Алматы-1 темір жол вокзалын паналап жүрген қарт әйелдің видеосы тарады, деп хабарлады Qazaq.today сайты Massaget.kz-ке сілтеме жасап. Видеоны қазақстандық музыкант Ілияс Сариев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, Нұржан апа 69 жаста, күйеуі, бала-шағасы қайтыс болған. Әжейдің денсаулығы да нашар, аяғы мен денесін белгісіз жара басыпты. «Менің балам да, қызым да, күйеуім де қайтыс болған. Маған…
