Ел бюджетіне цифрлық салықтан 36 млрд қаржы түскен

Фото: Pixabay Ел бюджетіне «цифрлық салықтан» шамамен 36 млрд теңге түскен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Бұл туралы Сенат отырысында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. Оның айтуынша, елімізде 60-тан астам халықаралық компания жұмыс істейді. Жалпы 2 жылда олардың саны шамамен 1,5 есе өсті. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында алғашқылардың бірі болып «Google…

Толық оқу

Таразда 9-сыныпта оқитын қыз қатарласының тамағын бауыздап жіберген

Таразда тоғызыншы сынып оқушысы қатарласының тамағын пышақпен орып жіберген. Жантүршігерлік жағдай қаладағы №35-мектепте болған. Қазір қыз облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызылды, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы. Бір апта бұрын оқушы сыныптасын серуендеуге шақырып, күтпеген жерден пышақ сермеген. Тергеу барысында қылмысқа барған қыздың ұялы телефонынан өлім-жітім, қанды оқиға жайында кинолар шыққан. Сорақысы 9-сынып оқушысы бір күн…

Толық оқу

Қазақтың көрнекті дипломаты Асқар Мусинов қайтыс болды

Мемлекет қайраткері, қазақтың көрнекті дипломаты, Төтенше және өкілетті елші Асқар Ахметұлы Мусинов өмірінің 63 жасында кенеттен қайтыс болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Ұзақ мерзімді дипломатиялық қызмет барысында ол Қазақстан Республикасының СІМ Орталық аппаратында және шет елдердегі мекемелерінде өзі жетекшілік ететін жұмыстың барлық бағыттарында Қазақстанның мүдделерін тамаша қорғап, алға қойылған міндеттерді кәсіби түрде шешуде…

Толық оқу

Түркістан облысында бәйшешек гүлдеп жатыр

[Түркістан облысында бәйшешек гүлдеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. «Сырдария-Түркістан мемлекет өңірлік табиғи паркіне» қарасты ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы бұл сәтті мемлекеттік инспектор Хамит Қалдарбеков суретке түсіріп алған. Мекемедегі ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі меңгерушісінің айтуынша, бәйшешектің бұл түрі «кессельринг лапызы» деп аталады. Лапыздар тұқымдасына жататын бұл өсімдік Қазақстанда сирек кездеседі. Алайда республикада таралу…

Толық оқу

Щучьеде жедел жәрдем жүргізушісіне жасалған шабуыл туралы тың дерек шықты

Щучье қаласындағы жанар-жағар май құю бекетінде болған шабуылдан кейін жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Бурабай көпсалалы ауданаралық ауруханасының қабылдау бөлмесінің көмегіне жүгінді. Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 ақпанда екі фельдшер мен жүргізушіден тұратын №2 жедел жәрдем бригадасы HYUNDAI санитарлық көлігімен Щучье қаласындағы «Гелиос» жанар-жағар май құю бекетіне барған. «Жанар-жағар май құю кезінде…

Толық оқу