«Таза Жағалау»: Жайықтың жағасынан 160 тонна қоқыс шығарылды
Атырау облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында іс-шаралар жалғасуда. 5 тамызда акция аясында өлкенің табиғатқа жанашыр тұрғындары сенбілікке шығып, Жайық жағалауына санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді. Табиғатты қорғау акциясының мақсаты – тұрғындарды отансүйгіштікке, өз қаласы үшін жауапкершілікке баулу, экологиялық мәдениетін қалыптастыру. ТЖ режимі кезінде Жайықтың жағалауына 5 миллионға жуық қап төселді. Су деңгейі төмендегесін өзен жағасын санитарлық…
