Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің экс-төрағасы дүниеден озды

Фото: Qazaqstan.tv Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің экс-төрағасы дүниеден озды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Анар Жайылғанова 55 жасқа қараған шағында өмірден озды. Ол 2018-2019 жылдары Мәжіліс депутаты болды. 2019-2022 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы қызметін атқарды.

Толық оқу

Ұлытауда мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдіккке ілінді

Фото: Inbusiness.kz Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Антикордың хабарлауынша, ол облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар…

Толық оқу

Павлодар облысының әкімі Мемлекет басшысына есеп берді

Фото: Ақорда Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Асайын Байханов облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Облыс экономикасына 965 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп; жолаушылар тасымалы секторында 31 пайыз, машина жасау ісінде 13 пайыз, құрылыс…

Толық оқу

Шавкат Рахмонов тымағын сатылымға шығарды

Фото: El.kz Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов тымақтарын сатылымға шығарды, деп хабарлайды Qazaq Today порталы El.kz-ке сілтеме жасап.  Журналист Асылан Қаженов Facebook парақшасында бұл керемет бастама екенін жазды. «Біз күнделікті отандық спортқа бөлінетін миллиардттаған қаржыны айтамыз. Одан еш нәтиже шықпағанын, яғни, қайтарымы болмағанын сынап жатамыз. Ал Шавхат сияқты жігіттер, керісінше, бюджеттен бір теңгеде де алмайды. Бірақ…

Толық оқу

Бектенов мемлекеттік сатып алу үдерісін жеңілдетуді және жеделдетуді тапсырды

Фото: primeminister.kz Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларында отандық тауарлардың үлесін арттыра отырып, оларды түбегейлі жеңілдетуді және жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Qazaq Today сайты Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Үкімет басшысы қолданыстағы рәсімдер көбінесе мемлекеттік сатып алулар үдерісінің әдейі кешіктірілуіне әкеліп соқтыратынын, оның салдарынан жаңа жобаларды іске асыру және…

Толық оқу