Жаңбыр, найзағай, бұршақ — 9 тамызда ауа райы қандай болады
Қазгидромет синоптиктері 9 тамыз, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Оңтүстік циклон және онымен бірге келетін атмосфералық фронттар Қазақстанның бүкіл аумағына әсер етеді. Сондықтан ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: найзағай жарқылдап, бұршақ және дауылмен бірге жаңбыр жауады, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстік-батыста, солтүстікте түнде және…
