Қазақстандықтар Катарда заңды жұмыс істей алатын болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Катар мемлекетінің әмірі, шейх Тамим бен Хамад Әл Танидің келіссөздерінің нәтижелері бойынша Қазақстан мен Катар Үкіметтері арасында қазақстандық қызметкерлерді жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісімге қол қойылды. Келісім Катарда жұмыс істейтін немесе жұмыс істеуді жоспарлап отырған қазақстандықтардың еңбек және әлеуметтік құқығын қорғауға бағытталған. Оған Қазақстаннан жұмысшылардың құқығын қорғау және жұмысқа орналасу…

Толық оқу

Елімізде бензин мен дизельге шекті баға енгізілмек

Фото: Pixabay Ашық НҚА порталында Энергетика министрінің жанар-жағар май құю станциялары үшін бөлшек сауда бойынша мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрығына өзгерістер енгізудің жобасы жарияланды, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат агенттігі. «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық авто жанар-жағар май құю станциялары үшін бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015…

Толық оқу

Көктемгі егіс науқанына 140 млрд теңге бөлінген

Фото: Pixabay Көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізуді жеңілдетілген несиемен қаржыландыру үшін Аграрлық несие корпорациясына 35 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұл – екінші транш. 15 миллиард теңге көлеміндегі алғашқы транш өткен айда аударылған. Бүгінде қаржының үштен бірі шаруалардың есепшотына түсті. Олар ақшаны топырақты дайындауға, тұқым мен тыңайтқышты және қажетті…

Толық оқу

Теміртауда болған жарылыстан бір адам қаза тапты

Фото: Видеодан алынған Теміртаудағы жарылыстан кейін қирап қалған дүкен ғимаратының астынан бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Таңғы 09:49 кезінде құтқарушылар үйінді астынан әйелдің денесін сыртқа шығарды. Жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін растады. Еске сала кетейік, бүгін таңертең Теміртауда қос қабатты дүкен ғимаратында газ жарылған болатын. Дүкен опырылып, өртенген.

Толық оқу

Алматыда адам өлтірген күдікті Шымкентте ұсталды (ВИДЕО)

Шымкентте адам өлтірді деген күдікті «Қорғау» жүйесінің көмегімен ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, аса ауыр қылмыс Алматы қаласының аумағында түнгі уақытта жасалған. Алматылық тәртіп сақшыларының мәліметінше, күдікті қылмыс орнынан Hyundai Elantra-ны тізгіндеп, ізін суытқан. Автокөлікті «Қорғау» бағдарламасын пайдалана отырып, бейнебақылау камераларының мониторингі барысында Шымкент полиция департаментінің ЖБО қызметкерлері анықтады. Көлікті ұстауға дереу…

Толық оқу