Жапонияда жойқын жер сілкінісі болды

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы Хонсю аралының жағалауында 5,0 баллдық жер сілкінісін тіркеді. Ұйымның сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, эпицентр Мито қаласынан солтүстікке қарай 40 км жерде орналасқан, онда шамамен 246 мың адам тұрады. Зілзала ошағы 35 км тереңдікте жатқаны белгілі болды. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат болған жоқ. Цунами қаупі туралы хабарланған жоқ.

Толық оқу

Қазақстандық ауыл мұғалімі әлемдік хиттің битін жазды

Абай ауданына қарасты Қараауыл ауылының мұғалімі «Black Pink» K-pop тобының бұрынғы мүшесі LaLisa Manoban мен латынамерикалық әнші Rosalia-нің New Woman әнінің битін жазған. Биология пәнінің мұғалімі Ерқанат Садухановның әлемдік деңгейдегі әншілердің хитінің битін жасаған. Мұғалім-музыкант 16 тамыз күні Instagram парақшасында жаңа жобасы туралы айтып берді. Шығарылғаннан кейін екі күн ішінде жаңа хитке арналған бейнеклип YouTube…

Толық оқу

Жамбылдықтар қызмет барысында қаза болған полиция қызметкерлерін ақтық сапарға шығарып салды

Бүгін жамбылдықтар 17 тамыз күні «Меркі-Шу-Бурылбайтал» республикалық маңызы бар тас жолында қызмет өткеру барысында жол апаты салдарынан қаза болған полиция қызметкерлері Ғалым Арыстанбаев пен Абылайхан Әбішкенді ақтық сапарға шығарып салды. Жаназаға марқұмдардың отбасысы, ағайын-туыстарымен қатар Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин, ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов, ҚР ІІМ Кадр саясаты департаменті…

Толық оқу

Атырауда балабақша күтушісі бүлдіршінді ұрды: оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Атырау қаласында жекеменшік балабақшалардың бірінде бала күтушінің кішкентай қызды ұрған сәті видеоға түсіп қалған. Бұл туралы баланың анасы әлеуметтік желіде баяндап берді. Балабақшадағы бала күтуші бүлдіршінді басынан ұрып, кейін итеріп жіберген. Кішкентай баланың маңдайы кереуеттің шетіне соғылады. Анасының сөзінше, қызының ауызы ісіп, маңдайы көгеріп кеткен. Алайда балабақшадағылар болған жайтты мойындамай, бала өзі құлап қалды деген….

Толық оқу

Денсаулық сақтау министрлігі: елге инфекцияның әкелінуіне жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылданды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әлемдегі маймыл шешегінің ағымдағы жағдайы туралы және еліміздің аумағында инфекцияның таралуын болдырмау бойынша қабылданған шаралар туралы азаматтарды хабардар етеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында маймыл шешегінің  бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияны елге әкелудің алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдады.  Әуежайлар мен шекара өткелдерін қоса алғанда, санитариялық-карантиндік пункттерде бақылау шаралары…

Толық оқу
Яндекс.Метрика