Президент Сауд Арабиясының короліне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өз атынан қос киенің сақшысы, король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Сауд Арабиясы Корольдігінің негізі қаланған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. «Бүгінде Сауд Арабиясы – саяси тұғыры берік, экономикасы қарыштап дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Аймақтық бірлікті, тұтастық пен бітімгерлікті ту еткен еліңіздің алдағы уақытта да…

Толық оқу

Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Президент ресми мінберден «Болашақтың ойындары» турнирінің салтанатты ашылу рәсімін тамашалады. Ресейдің мемлекеттік әнұраны орындалғаннан кейін Владимир Путин жарысты ашық деп жариялады. Қазақстан Президенті турнир қатысушыларына сәттілік тіледі. «Құрметті Владимир Владимирович, ең алдымен, Сізге зор ризашылық білдіргім келеді. Бұл – бірегей ойын. Дүниежүзінде…

Толық оқу

Қазақстан президенттерінің отбасы мүшелері Ұлттық пантеонға жерленбейді

Ұлттық пантеон туралы ереженің жаңа редакциясы жарияланды. Мәтінде пантеонға жерленуге жататын адамдар бар. Жаңа редакцияда президенттердің отбасы мүшелерін, мемлекеттік хатшыларды, Конституциялық кеңестің төрағаларын, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» ордендерінің иегерлерін алып тастау ұсынылады. Түсіндірме жазбада бұл Қазақстанның тұңғыш президенті туралы заңның күші жойылғанына байланысты жасалып отырғаны айтылған. Шілде айының ортасында мәслихат отырысында Каналиов…

Толық оқу

«Ордабасы» Кәсіпқой футбол лигасының кубогын жеңіп алды (ВИДЕО)

«Ордабасы» клубы Түркияда өткен Winter Cup Қазақстан Қысқы ҚКФЛ Қысқы кубогының иегері атанды. Шымкенттің клубы финалында Қостанайдың «Тобыл» командасын матчтың негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталып, пенальтилер сериясы берілгенде 7:6 есебімен жеңді. «Ордабасы» кубоктың иегері ретінде 60 млн теңге сыйақы алды. Ал «Тобыл» 40 млн теңгеге ие болды. Енді «Ордабасы» мен «Тобыл» 25 ақпанда Қазақстан Суперкубогының…

Толық оқу

Ресейде адыраспан өсіруге, сақтауға және пайдалануға тыйым салынды

Ресейде адыраспан өсіруге, сақтауға және пайдалануға тыйым салынды, деп хабарлады КТК. Телеарнаның хабарлауынша, теріскейдегі көршілеріміз ол шөптің құрамында психотроп зат бар деп қорқып отыр. Ал елімізде, керсінше, адыраспанды қасиетті өсімдік деп санайды. Табалдырықты жаңа аттаған келіннен бастап, базардағы саудагерге дейін тауарын осы адыраспанмен аластайды. Қазақстандық нарколог дәрігерлер ресейлік мамандардың тыйымына күле қарайды.  

Толық оқу