Қазақстанның оңтүстік аймағында жер сілкінді
«Сейсмологиялык зерттеу институтының» алдын ала таратқан ақпаратына сай сейсмикалық жағдай Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында тіркелген. Сезілетіндігі туралы мәлімет анықталып жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Жерасты дүмпулері 6 қазан күні Астана уақытымен сағат 01:29-да тіркелген. Эпицентр Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 465 км қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Эпицентрдің координаттары: 42.270º с.ш., 71.378º ш.б….
