Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 8 адам ауруханаға түсті

Фото: видеодан кадр «Самара-Шымкент» тасжолында жол-көлік оқиғасы болып, адамдарға көмек көрсету үшін жедел жәрдемнің 5 бригадасы жіберілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Оқиға «Самара-Шымкент» автожолының Өлке ауылы маңында болды. Лада Ларгус және Тайота Эстима автокөліктері соқтығысып, екі автокөліктің де жүргізушісі және 6 жолаушы түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды. — Тексеру барысында екі автокөліктің…

Толық оқу

«Ток-шоу жабылады»: министрдің қаһарына іліккен «Хабар» арнасының басшылығы кешірім сұрады

Фото: ruh.kz Арнаның сынға қалған «Бірақ…» бағдарламасы жабылатын болды. Бұл туралы мәдениет министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. «Хабар» арнасының «Бірақ…» аталатын жаңа ток-шоуы әлеуметтік желіде көрерменнің сынына ұшырады. Алғаш бұл туралы Отбасылық зорлықтан жапа шеккен әйелдер мен балаларға арналған орталықтың жетекшісі Анна Рыль хабарлады. Аннаның айтуынша, ол арна қызметкерлерінің өтініші…

Толық оқу

Ақмола облысындағы ауруханада науқастарға құрттаған тамақ берілген

Фото: Видеодан кадр Ақмола облысы Степногор қаласындағы ауруханада науқастарға құрттаған тағам берілген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.  Тамақтың ішінде жәндік қалқып жүргенін емделушілер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Аурухананың инфекциялық бөлімшесіне балаларымен ем-дом алуға келген аналар түскі асқа берілген сусында құрт жүргенін байқаған. Емделушілер тек құрттаған сусынға ғана емес, жалпы ауруханадағы тағамға көңілі толмайтынын айтады….

Толық оқу

Премьер-министр ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысымен кездесті

Премьер-министр Олжас Бектенов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюгемен кездесті. Кездесуге қатысушылар Қазақстан Үкіметі мен ДДҰ-ның Денсаулық сақтау саласындағы орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі бірлескен жұмысын талқылады. Атап айтқанда, 2024-2025 жылдарға арналған екіжылдық ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде қазіргі уақытта денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға қол жеткізу, халықтың денсаулығын жақсарту және…

Толық оқу

Президент Жоғарғы сот төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Президентке сот төрелігінің сапасын жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар баяндалды. Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, аналитикалық блок айтарлықтай күшейтіліп, Жоғарғы соттың жалпы нормативтік қаулыларының үшінші бөлігіне түзетулер енгізілген. Бұдан бөлек, тергеу кезінде азаматтардың құқығын қорғау деңгейі жақсара түсті. Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беруден бас тартатын жағдайлардың және…

Толық оқу