Самат Әбіш жазасын қалай өтейді

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі Самат Әбіштің қайда орналасқаны және жазасын қалай өтейтіні туралы 20 наурызда Ішкі істер министрлігінің басшысы Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Ішкі істер министрі Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің пробациялық бақылауға алынғанын мәлімдеді, деп жазады Zakon.kz. «Үкімге қатысты сұрақты судьяларға қою керек. Ол…

Толық оқу

Еліміз қыз алып қашудан Эфиопиямен бірдей тұр

Коллаж: Halyq Uni Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев қыз алып-қашу мәселесін көтерді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. “90-жылдары Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін Қазақстанда экономикалық жағдай қиын болды. Сол кезде “қыз алып қашу” деген үдеріс пайда болды. Оны көбі қазақтың дәстүрі деп шатастырды. Өзіңіз білесіз, біздің қазақ құда түсіп, жөн-жоралғысын әдемі орындайтын халық. Бірақ осы экономикалық жағдайдың…

Толық оқу

ІІМ министрі Сәденов Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растады

Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке өзінен бұрынғы министр Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы сұрақ қойылды. Алайда министр нақты жауап бере алмады. «Мынаны істейік. Ішкі істер министрлігі тексеріп жатқан жоқ, мен бұл туралы түсініктеме бере алмаймын. Бұл жерде құзырлы органдар тергеу бастады. Оларға арналған сұрақтар. Ішкі істер министрлігі Тұрғымбаевқа қатысты істі тергеп жатқан…

Толық оқу

Қаржы пирамидаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндағы басты мақсат — алаяқтық жобалардың өмірлік циклын және оларға тартылған салымшылар санын қысқарту. IT құралдарын пайдалана отырып, қаржы пирамидаларының құрылған сәтінен бастап, ерте анықтау үшін әлеуметтік желілерге талдау жүргізілуде. Биылғы жылы бұғаттауға 600 мың адам аудиторияны қамтыған, мыңға жуық қаржы пирамидасының белгілері бар сайттар мен шоттардың сілтемесі жіберілді. Тек соңғы алты…

Толық оқу

Ауғанстандықтар Қазақстан арқылы Ресей мен Еуропаға заңсыз өтпек болған

Фото: ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы ҰҚК-ның Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп, прокуратура органдарының үйлестіруімен Қазақстан аумағы арқылы Ауғанстан азаматтарының Ресейге және одан әрі Еуропа елдеріне заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі. 16 наурызда лауазымды азаматқа 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру…

Толық оқу