Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады

Фото: Ақорда Президенттің жұмыс сапары 4 сәуір күніне жоспарланған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлім етті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуір күні су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне барады. Сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады», — деп жазды ол.

Толық оқу

Елімізде футболдан алғаш рет Әйелдер лигасы басталады

Биыл елімізде футболдан алғаш рет Әйелдер лигасы басталады. Жақында Qazaqstan Football League-сының ұйымдастыруымен QFL Әйелдер лигасы мен QFL Әйелдер кубогы турнирінің жалауы көтеріледі. Жарысқа еліміздің төрт өңірінен «БИІК-Шымкент», «Ордабасы», «Ақтөбе», «Оқжетпес», «Томирис-Тұран» клубтары қатысады. Футбол додасының жеребе тарту рәсімі бүгін, 2 сәуірде, Астана қаласында түскі 15:00-де (тікелей эфирді QFL.KZ сайты, QFL TV YouTube арнасы және…

Толық оқу

«Қарсылық емес, қолдау керек»: Үкімет басшысы қазақстандықтарға өтініш айтты

Су басып жатқан өңірлерде тұрғындар үйлерін тастап кеткісі келмейді екен. Жұмысты қиындатпай, әкімдіктің талабына бағыныңыздар. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі. «Маған үй-жайларын тастап кеткісі келмейтін тұрғындар әрекетінің эвакуациялау жұмыстарын қиындатып жатқаны туралы айтылды. Олар су тасқынының ауыр зардаптарына сенгілері келмейді. Көріп отырғанымыздай, биыл мұндай апатты су тасқыны бұрын-соңды болмаған жерлерде…

Толық оқу

Қазақстан Паралимпия ойындарына 11 жолдаманы жеңіп алды

Еліміздің параспортшылары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Францияның Париж қаласында өтетін XVII Паралимпия ойындарына әзірше 11 жолдаманы жеңіп алды. Паралимпиадада жарыстар спорттың 23 түрінен ұйымдастырылады. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 9 түрінен (пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, отырып ойнайтын волейбол, пара нысана көздеу) өнер…

Толық оқу

Сотталып жатқан Бишімбаев марқұм әйелі өзгенің көңілдесі болғанын айтты

Коллаж: ulysmedia.kz. Бишімбаев сотта Салтанат Нүкенованың сүйіктісі болғанын айтады. Оның сөзінше, Нүкенованың бір кездері «Қазақстандағы танымал Райымбек есімді кәсіпкерге көңілдес” болған. – Соны естіген кезде мен есеңгіреп қалдым, ол өзінен 20 жас үлкен, төрт баласы бар, елдегі танымал адам еді, — дейді Бишімбаев. Жәбірленушілердің адвокаттары Бишімбаев қаза болған Салтанат Нүкенованың осы сөздері абыройына кір келтіруге  тырысып…

Толық оқу