Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі жарияланды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Сырым, Теректі, Қаратөбе, Бөрлі аудандарында тұрғын үйлерді су басты. Қазір аудандарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Орал қаласындағы Шаған және Деркөл өзені де тасып кетуі мүмкін. Бұл жерде де жағдай өте қауіпті болып тұр. Сондай-ақ Жайық өзенінде су тасу қаупі бар. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 4 мыңға жуық…

Толық оқу

Президент Әлихан Смайыловты қабылдады

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлады  Qazaq.today тілшісі. Кездесу барысында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыру мәселелері талқыланды. Президент Жоғары аудиторлық палатаға бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің тиімді және рационалды жұмсалуын республикалық, сондай-ақ жергілікті деңгейде қатаң бақылауды қамтамасыз ету міндеті жүктелетінін айтты. Өз кезегінде Әлихан Смайылов…

Толық оқу

Қазақстан ауыр атлеттері Әлем кубогына қатысып жатыр

[Таиландтың Пхукет қаласында ауыр атлетикадан Әлем кубогы үшін лицензиялық жарыс басталды. Оған Қазақстан құрамасы да қатысып жатыр. Кеше помостқа ұлттық құрама сапынан Ерназ Алпысов (55 кг) шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ол жұлқа көтеруде бір мүмкіндігін, ал серпе көтеруде екі мүмкіндігін тиімді пайдалана алмады. Ерназ Алпысов 237 кг нәтижемен (жұлқа…

Толық оқу

Енді «Айканың тізімімен» Антикор айналысады

Фото: gov.kz Әлеуметтік желіде жарияланған атышулы «Айка тізімі» бойынша іс «Антикорға» берілді, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. «Қазіргі таңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Қылмыстық кодекстің 423-бабы «Сотқа дейінгі іс жүргізу деректерін жария ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оның пайда болу мән-жайлары, сенімділігі және таралуы, жүргізіліп жатқан…

Толық оқу

Су жаңа Су ресурстары министрлігі тасқын туралы неге білмей қалды?

Фото: ТЖМ Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ведомствоның жұмысына тоқталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. «Шынында да, министрліктің жұмыс істегеніне 6 ай. Алдымызда негізгі үш міндет болды. Біріншісі – құқықтық базаны қалыптастыру. Жаңа Су кодексінің жобасы Мәжілістің жұмыс тобында қаралып жатқаны белгілі. Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді….

Толық оқу