Балқаш маңындағы газ құю бекетінде автокөлік жарылды

Фото: Pixabay 12 қыркүйекте Балқаш қаласының маңында газ құю бекетінде автомобиль салонындағы газ-ауа қоспасы жарылды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.  Жарылыстан әр түрлі дәрежедегі күйік алған 38 жастағы жүргізуші ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайын Astana TV телеарнасы жеткізді. Құтқарушылар жүргізушілерге көліктің техникалық жарамдылығын үнемі қадағалап отыруды ұсынады.

Толық оқу

Су тасқынын болжау үшін Үкімет резервінен 576 млн теңге бөлінді

Су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі Президент тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Үкімет резервінен батиметриялық зерттеулер жүргізуге шамамен 576 млн теңге бөлінді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Қаржыландырудың негізгі бөлігі жабдықтар мен техникалық жарақтарды сатып алуға, сондай-ақ зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметтерге бағытталатын болады. Атап айтқанда, қаражатты «Қазсушар» ШЖҚ РМК…

Толық оқу

Ақтөбеде мүгедек болып қалған қыздың ата-анасы ауруханадан 10 миллион теңге талап етіп, сотта жеңіп шықты

Ақтөбе облысында 4 жасар қыздың ата-анасы ауруханадан 10 миллион талап етіп, сотта жеңіске жетті. Себебі бала қатты күйік алып, бір ай қиналған, ал дәрігерлер ота жасауға асықпапты. Салдарынан 4 жасар қыз мүгедек болып қалды. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  Өткен жаздың басында Балымның бөксесі, жамбасы, аяғы мен табаны қатты күйген. Ата-анасы бірер секундқа көз жазып қалған…

Толық оқу

Мектептерде ақша жинағандарға айыппұл салынады

Қырғыз Президентінің жарлығымен салынған тыйымға қарамастан, мектептерде әлі күнге заңсыз ақша жинау әрекеті жалғасып келеді. Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаттары елдегі «Білім туралы заңға», «Құқық бұзушылық туралы кодекске» мектепте заңсыз ақша жинағаны үшін айыппұл салуды көздейтін түзетулерді бірінші оқылымда қабылдады. Заң жобасының бастамашысы кенеш депутаты Миргүл Темірбаеваның айтуынша, Қырғыз Президентінің жарлығымен салынған тыйымға қарамастан, мектептерде…

Толық оқу

Алматы облысында жер сілкінісінен кейін баспанасы жарамсыз боп қалған отбасы өтемақы ала алмай жүр

Алматы облысында жер сілкінісінен кейін баспанасы жарамсыз болып қалған отбасы әкімдіктен өтемақы ала алмай жүр. Көктемдегі жерасты дүмпулерінен соң қабырғасы сөгіліп, іргетасы отыра бастаған үйді мамандар апатты деп тапқан. Бірақ сотқа жіберілген талап-арыз қанағаттандырылмай, оларға қаражат бөлінбеген. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. Жер сілкінгенде Лейлә Амринаның үйіндегі қонақ бөлменің қабырғасы сөгіліп кеткен. Олар зақым келген бөлменің…

Толық оқу
Яндекс.Метрика