Астана халықаралық форумы өтпейтін болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу қажет екенін ескере отырып, биылғы 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Qazaqtoday. Президент форумға шақырылған қонақтар бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп сенетінін жеткізді. Астана халықаралық форумы өз…

Толық оқу

Жайық өзеніне Орынбор облысынан тасқын су келіп жатыр

Батыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңіне дайындық жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday. Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Тәткеннің айтуынша, жағдай әлі де күрделі. Ресейдің Орынбор облысындағы су көздерінен Жайық өзеніне көп көлемде су түсуде. Судың көбею қарқыны жылдам. Соның салдарынан Ақжайық, Бөрілі, Бәйтерек, Теректі аудандарының 80 астам елді мекені, сондай-ақ…

Толық оқу

Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды

Қазақстандық еркін күресші Азамат Дәулетбеков Қырғызстанда өтіп жатқан Азия чемпионатында финалдық кездесу өткізді,Еркін күрестен 86 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Қазақстан құрамасының капитаны үш дүркін Азия чемпионы атанды. Ол финалда Өзбекстан өкілі Жабраил Шапиевті жеңіп, құрлықтық турнирде өз командасына алғашқы алтынды әкелді, деп хабарлайды Qazaqtoday. Жеңіске жету жолында Дәулетбеков ирандық Хади Вафаейпураны (3:1) және қытайлық Пейлонг…

Толық оқу

Президент күйші Әбдімомын Желдібайұлының отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәулескер күйші, композитор, «Парасат», «Құрмет», «Достық» ордендерінің иегері Әбдімомын Желдібайұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.  «Әбдімомын Желдібайұлы киелі күй өнерінің көкжиегін кеңейткен дарын иесі, ұлағатты ұстаз болды. Бар саналы ғұмырын төл мұрамызды насихаттауға арнап, еліміздің мәдениеті мен руханиятын дамытуға айрықша еңбек сіңірді. «Ерке…

Толық оқу

Орынборда су тасқыны шарықтау шегіне жетті

Фото: скрин Көрші Ресейде де жағдай әлі күрделі. Бүгін Орынборда су тасқыны шарықтау шегіне жетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Қала арқылы өтетін Жайық өзенінде су деңгейі көтеріліп жатыр. Таңертең 10 метр 69 сантиметрге жетті. Түнде қалаға ұшақпен көпқабатты композитті материалдан жасалған ұзындығы үш метрлік су бөгеттері жеткізілді. Материалы берік әрі тез құрастырылады. Бұл…

Толық оқу